12 наурыз 2014 18:36

"Қайраттың" қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА Кубогы. Фото: azerisport.com УЕФА Кубогы. Фото: azerisport.com

Шағын футболдан УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы "Hilton" қонақ үйінде болған жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Алматының "Қайраты" УЕФА Кубогының жартылай финалында Мәскеудің "Динамо" командасымен кездеседі. Ал, екінші жұпта әзірбайжандық "Араз" клубы мен испандық "Барселона" командалары ойнайтын болады. "Қайрат" пен "Динамо" арасындағы жартылай финалдық кездесу 24 сәуір күні 15:30-да өтетін болса, алаң иесі "Араз" бен "Барселона" арасындағы ойын дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Ал, үшінші орын үшін өтетін кездесулер 25 сәуір күні болса, финалдық кездесу 26 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл ойындардың нақты уақыты әлі белгіленбеген. Айта кетейік, шағын футболдан кәрі құрлықтың ең беделді турнирі болып саналатын УЕФА Кубогын былтыр алматылық "Қайрат" жеңіп алған болатын. Сондықтан да, жанкүйерлер бұл жолы да "Қайрат" Кубокты Қазақстанға алып келеді деп сенуде. Тағы бір ескере кететін жайт, былтыр "Қайрат" бұл Кубокты жеңіп алғаннан бастап осы уақытқа дейін ресми кездесулерде де жолдастық кездесулерде де жеңілмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети