Қазақстан футболдан әлем чемпионатын қабылдау үшін УЕФА-ға тапсырыс беруі мүмкін. Бұл туралы Әділбек Жақсыбеков айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан футболдан әлем чемпионатын қабылдау үшін УЕФА-ға тапсырыс беруі мүмкін. Бұл туралы Әділбек Жақсыбеков айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуына қарағанда, Қазақстан 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдауға тапсырыс беруі мүмкін екен. "Қазірдің өзінде біз ірі турнирлерді қабылдай алатын деңгейге жеттік. Бұл Еуропа біріншілігі немесе Чемпиондар лигасы не болмаса Еуропа лигасы деңгейіндегі турнирлер. Сондай-ақ біздің әлем біріншілігін де қабылдай алатын мүмкіндігіміз бар. Бүгінде біз 2017 жылы УЕФА-ның Суперкубогы үшін өтетін матчты Алматыда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Астанада УЕФА-ның Конгресі өткеннен кейін ұйым мүшелері Қазақстанға мүлде басқа көзқараспен қарайтын болды. Сондықтан да қазір біз 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге тапсырыс беру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар 2019 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігін Қазақстанда өткізу туралы да келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - дейді Жақсыбеков.
Айта кетейік, 13 желтоқсан күні Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметінен кететіндігі белгілі болған. Ол бұл қызметті 2007 жылдың тамызынан бері атқарып келедi.
Әділбек Жақсыбеков бұл орынға Туризм және спорт агенттігінің бұрынғы төрағасы Ерлан Қожағапановты тағайындауды ұсынған. Еске сала кетелік, Әділбек Жақсыбеков 22 қарашада Астана әкімі болып тағайындалды.