Қазақстан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін УЕФА-ның осы маусымындағы коэффициенттер рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды KazFootball.kz сайты.

Естеріңізге салсақ, "Астана" Чемпиондар лигасында "ЧФР Клуж" командасынан сырт алаңда 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал "Тобыл" өз алаңында люксембургтік "Женесспен" (1:1) тең тарқасқан, "Қайрат" пен "Ордабасы" болса, тиісінше, босниялық "Широки Бриег" (2:1) пен грузиялық "Торпедоны" (2:0) жеңген болатын.
Осы матчтардан кейін Қазақстан осы маусымағы коэффициенттер рейтингінде 14-орыннан тоғызыншы сатыға жоғарылады - 1.500 ұпай.
Ал УЕФА коэффициенттері кестесінде Қазақстанның орны өзгерген жоқ - 25-орын.