Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті және Бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетіп, басхатшылыққа Аллен Шайжүнісов тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бүгін, 11 сәуір күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда бірқатар кадрлық өзгерістер қабылданды. Атқару комитетінің отырысына ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков төрағалық етті.
Сонымен, бүгін ҚФФ бірінші вице-президенті және Бас хатшысы Саян Хамитжановтың өкілеттігі тоқтатылды. Бас хатшы болып Аллен Шайжүнісов бекітілген.
ҚФФ ресми сайтының мәлімдеуінше, Саян Жақсыгелдіұлы вице-президент қызметін қоғамдық негізде атқаратын көрінеді. Ал Аллен Сержанұлы жоғарыда жазғанымыздай, ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқаратын болады.
Сондай-ақ ҚФФ вице-президенті Александр Мазманьянның да өкілеттігі тоқтатылған. Ол Төрешілер мен нұсқаушылар департаменті директорының орынбасары болып тағайындалған.