09 қыркүйек 2014 | 17:47

Қазақстан футбол федерациясында тағы да ауыс-түйіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ffk.kz сайтынан алынды Фото ffk.kz сайтынан алынды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде Лига кеңесі өтіп, онда Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның отставкаға кетуі қабыл алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде Лига кеңесі өтіп, онда Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның отставкаға кетуі қабыл алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лига кеңесі еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның отставкаға кету жөніндегі өтінішін орындаған. Қазақстан футбол федерациясының ресми түрдегі мәлімдемесі бойынша М.Гурман денсаулығына байланысты қызметінен босатуларын өтінген екен. Өз кезегінде Лига кеңесі М.Гурманға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Сөйтіп, Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Лига кеңесінің шешімімен өз қызметін мерзімінен бұрын тәмамдайтын болды. Енді Лига кеңесі бұл лауазымды қызметке Олжас Абраевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Лига кеңесінің ережесі бойынша бұл қызметке жаңа басшыны ҚФФ-ның Атқару комитеті бекітуі керек екен.

Ал 1984 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген Олжас Абраев биыл Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалған. 2012 жылдан бері ҚФФ-ның Атқарушы директоры болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети