Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері командадан кетеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері командадан кетеді - БАҚ Михал Билек. Фото: ҚФФ©

Чехиялық маман Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен соңғы матчынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чехиялық маман Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен соңғы матчынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, келісімшартты Футбол федерациясының ұзартуға ниеті жоқ. Билек бұл туралы бапкерлер штабына айтқан.

Чехиялық маман Қазақстан құрамасымен 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның командасы Еуро-2020 іріктеу турнирінің топтық кезеңінде бесінші орын алды.

Биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тағы бір ойын өткізеді. Оған дейін құрама С тобында соңғы орында тұр. Командалардың орны туралы мына сілтемеден танысуға болады.

Билек бастаған команда 18 қарашада Алматыда Литва құрамасымен ойнайды. Бұған дейін 15 қарашада өткен кездесуде ел құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.57  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети