21 қаңтар 2014 | 11:58

Қазақстан футболының жаңа маусымы 9 наурызда басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет КФЛ сайтынан алынды Сурет КФЛ сайтынан алынды

ҚФФ Төтенше комитетінің мәслихаты өтіп, футболдан Қазақстан Премьер-лигасы жаңа маусымының регламенті және ойындар кестесі бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жаңа маусым 9 наурызда Қазақстан суперкубогымен басталып, 22 қарашада аяқталады. Ал Премьер-лиганың бірінші туры 15 наурызға жоспарланған. Бірінші турда "Тараз" – "Ақтөбе", "Ертіс" (Кереку) – "Шахтер" (Қарағанды), "Тобыл" (Қостанай) – "Спартак" (Семей), "Қайрат" (Алматы) – "Атырау", "Астана" – "Жетісу" (Талдықорған), "Қайсар" (Қызылорда) – "Ордабасы" (Шымкент) ойындары өтеді. Ел чемпионатының ойындар кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. Премьер-лиганың бірінші кезеңінде 12 команда бір-бірімен өзара екі реттен кездесіп шығады да, 3 тамызда мәресіне жетеді. Екі апталық үзілістен соң, яғни 23 тамызда чемпионаттың екінші кезеңі басталып, 12 команда фавориттер және аустайдерлер болып, алты-алтыдан екі топқа бөлінеді. Бұл кезеңде командалардың бірінші жинаған ұпайлары екіге бөлінеді. Ал біріншіліктің соңғы туры 9 қарашада өтсе, маусым қарашаның 22-сінде Қазақстан кубогының финалымен аяқталады. Чемпионаттың қорытындысы бойынша, Премьер-лигамен бірден үш клуб қош айтысады. Яғни, 10, 11 және 12-орын иегерлері төменгі топқа түсіп, олардың орнын Бірінші лиганың жеңімпаз командасы басады. Ал Премьер-лигада 9-орынға тұрақтаған ұжым Бірінші лигада екінші орын алған командамен електік ойын өткізеді. Яғни, 2015 жылы ел чемпионатында небәрі 10-ақ команда қалады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети