Қазақстан жастар құрамасы жеңіс голын тойлауда. Сурет: vesti.kz
Футболдан 2015 жылғы жастар арасындағы Еуропа біріншілігіне іріктеу аясында Исландия жастарын қабылдаған Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Елорданың "Астана Арена" стадионында өткен бұл кездесуді Қазақстан құрамасы ширақ бастады. Ойынның бірінші минутынан допты бақылауда ұстап жүрген жерлестеріміз қарсыластардың қателесуін аңдумен болды. Нәтижесінде, 7-минутта қонақтардың қорғаушысы артқа берген пастан кейін қақпашы өз айып алаңында тайып жығылып доп Тоқтар Жаңғылышбайға тиді. Өз кезегінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жаңғылышбай Станислав Лунинге керемет пас беріп, шабуылшының ойындағы есепті ашуына тамаша жағдай жасады. Арада бес минут өткен соң, яғни кездесудің 12-минутында "Шахтер" шабуылшысы Роман Мұртазаев қақпаны алыстан дәл көздеп, есепті еселей түсті. 28-минутта Романның тағы бір есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Бірақ шабуылшы допты қақпаға дәл бағыттай алмады. Ал, ойынның 35-минуты өтіп жатқан кезде "Астана-Арена" стадионының бір жақ секторының жарығы сөніп, ойын аздап тоқтатылды. Абырой болғанда, арада бірнеше минут өткен соң жарық қайта қалпына келтірілді. Кездесудің екінші таймын Исландия жастар құрамасы шабуылмен бастады. 60-минутта қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған қонақ команданың шабуылшысы Фридерссон есепті қысқартты. Араға 6 минут сала бұрыштамадан асырылған допты қонақтар голға айналдырып, таразы басын теңестірді. 78-минутта Исландия құрамасы үшінші добын жерлестеріміздің қақпасына кіргізген еді. Бірақ бұл сәтте Исландиялық ойыншының қолмен ойнағанын төреші байқап қалып, гол есепке алынбады. Ойынның аяқталуына небәрі 5 минут қалғанда бұл кездесудегі алғашқы голдың авторы Станислав Лунин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осы кезде "соңғы минуттардың синдромы" деген жаман қағида әрбір жанкүйердің көкейіне оралған шығар. Расымен, біз бұл "синдромнан" ұзақ уақыт бойы құтыла алмай келдік. Бірақ, бұл кездесуде жастарымыз жарады. Кездесудің негізгі уақытының аяқталуына бір минут қалғанда Исламбек Қуат жеңіс добын қарсыластардың қақпасында тулатып, Қазақстан құрамасына жеңісті жұлып алып берді.
Футболдан 2015 жылғы жастар арасындағы Еуропа біріншілігіне іріктеу аясында Исландия жастарын қабылдаған Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Елорданың "Астана Арена" стадионында өткен бұл кездесуді Қазақстан құрамасы ширақ бастады. Ойынның бірінші минутынан допты бақылауда ұстап жүрген жерлестеріміз қарсыластардың қателесуін аңдумен болды. Нәтижесінде, 7-минутта қонақтардың қорғаушысы артқа берген пастан кейін қақпашы өз айып алаңында тайып жығылып доп Тоқтар Жаңғылышбайға тиді. Өз кезегінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жаңғылышбай Станислав Лунинге керемет пас беріп, шабуылшының ойындағы есепті ашуына тамаша жағдай жасады. Арада бес минут өткен соң, яғни кездесудің 12-минутында "Шахтер" шабуылшысы Роман Мұртазаев қақпаны алыстан дәл көздеп, есепті еселей түсті. 28-минутта Романның тағы бір есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Бірақ шабуылшы допты қақпаға дәл бағыттай алмады. Ал, ойынның 35-минуты өтіп жатқан кезде "Астана-Арена" стадионының бір жақ секторының жарығы сөніп, ойын аздап тоқтатылды. Абырой болғанда, арада бірнеше минут өткен соң жарық қайта қалпына келтірілді.
Кездесудің екінші таймын Исландия жастар құрамасы шабуылмен бастады. 60-минутта қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған қонақ команданың шабуылшысы Фридерссон есепті қысқартты. Араға 6 минут сала бұрыштамадан асырылған допты қонақтар голға айналдырып, таразы басын теңестірді. 78-минутта Исландия құрамасы үшінші добын жерлестеріміздің қақпасына кіргізген еді. Бірақ бұл сәтте Исландиялық ойыншының қолмен ойнағанын төреші байқап қалып, гол есепке алынбады.
Ойынның аяқталуына небәрі 5 минут қалғанда бұл кездесудегі алғашқы голдың авторы Станислав Лунин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осы кезде "соңғы минуттардың синдромы" деген жаман қағида әрбір жанкүйердің көкейіне оралған шығар. Расымен, біз бұл "синдромнан" ұзақ уақыт бойы құтыла алмай келдік. Бірақ, бұл кездесуде жастарымыз жарады. Кездесудің негізгі уақытының аяқталуына бір минут қалғанда Исламбек Қуат жеңіс добын қарсыластардың қақпасында тулатып, Қазақстан құрамасына жеңісті жұлып алып берді.