Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты Фото: instagram.com/kff_team_futsal/

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл екінші тур ойындарынан кейін белгілі болды, - деп хабарлайды msports.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл екінші тур ойындарынан кейін белгілі болды, - деп хабарлайды msports.kz.

Жарыс ережесі бойынша топтағы үздік екі команда плей-оффқа тікелей жолдама алады. Сондай-ақ тағы 4 құрама нәтижесіне қарай үшінші орын алған командалар арасынан іріктеледі.

Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екінші турда Ливияны 4:1 есебімен ұтып, топта 2-орында тұр. Бірінші турда Испаниямен тең ойнаған. 4 ұпайы бар отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойында қандай есеп тіркелсе де, 1/8 финалға айқын шығып тұр. Үшінші орыннан төмен сырғымайды. Себебі қазір үшінші орында тұрған үш командада ғана ұпай бар. Ал төртінші құрама 4 ұпай жинап үлгермейді.

Ливия - 3 ұпай
Украина - 3 ұпай
Өзбекстан - 1 ұпай
Хорватия, Тәжікстан, Гватемала - 0 ұпай

1/8 финалға Қазақстаннан бөлек, Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Марокко, Парагвай, Португалия, Тайланд және Франция құрамалары шығып үлгерді.

Топтағы үшінші ойынды Қазақстан құрамасы 21 қыркүйек күні Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети