20 қараша 2019 | 09:25

Қазақстан құрамасы Шотландиямен матчта жеңісті сақтап қала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Шотландиядан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Шотландиядан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

І тобының 10-турындағы матч Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. 

Матч есебін қазақстандықтар ашқан. 34-минутта Бахтиер Зайнутдиновтің алыстан бағыттаған соққысы нәтиже әкелді - ресейлік "Ростовтың" хавбегі қатарынан екінші ойында гол соқты. 

Бірақ екінші таймда қонақтар жеңісті ұстап қала алмады. 48-минутта англиялық "Астон Вилланың" жартылай қорғаушысы Джон Магкинн айып соққысынан көзге түсті. 

Ал 64-минутта шотландиялық команданың капитаны, англиялық "Норвичтің" ойыншысы Стивен Нейсмит қанжығасын майлады. Матч нүктесін 91-минутта Макгинн қойды. 

Естеріңізге салсақ, І тобының бірінші турында Қазақстан Шотландияны 3:0 есебімен тас-талқан еткен еді. Іріктеу кезеңінде Михал Билек шәкірттері Сан-Мариноны (4:0, 3:1) екі рет жеңіп, Кипрмен тең түсті және бір мәрте жеңілді (1:1, 1:2). Ал топтың көшбасшылары Ресей (0:4, 0:1) мен Бельгияға (0:3, 0:2) екі реттен жол берген.  

Осылайша, 10 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін 5-орында аяқтады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети