Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның бірінші лигасында топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның бірінші лигасында топ жарды Фото Facebook / K. Beerschot V A

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский ойнайтын "Беерсхот" футбол клубы Бельгия бірінші дивизионының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский ойнайтын "Беерсхот" футбол клубы Бельгия бірінші дивизионының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Беерсхот" 4:1 есебімен "Левена" клубын жеңді. Вороговский алаңға ойынның 63-минутында шықты. Алғашқы ойында "Беерсхот" 1:0 есебімен жеңген болатын.

Фото Facebook / K. Beerschot V A

Басылымның хабарлауына қарағанда, "Беерсхот" және "Левен" арасындағы ойынның жеңімпазы Бельгия жоғарғы дивизионына жолдама алуы тиіс еді. Бірақ чемпионаттағы клубтар саны кеңейгеннен кейін екі команда да жоғары дивизионға көтерілген болатын.

23 жастағы Вороговский "Беерсхот" клубына 2019 жылдың жазында "Қайраттан" ауысқан еді. Өткен маусымда қорғаушы 19 матч өткізіп, бір гол соқты. Сәуірде Вороговский клубпен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети