"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов спорттағы карьерасын "Ростов" командасында жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайтында айтылады.

Бахтиер карьерасын "Тараз" командасында бастаған болатын. Жартылай қорғашушы 2017 жылы қазақстандық премьер-лиганың ең жас үздік ойыншысы атанған еді. Ал 2018 жылы футболшы "Астана" командасына ауысқан болатын.
Спортшы биыл күзде Еуропа Лигаасында алты матчқа қатысқан. Ал "Астана" клубында Зайнутдинов 35 матч өткізді.