16 қазан 2018 | 17:44

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы шешуші матчын қайдан және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kff.kz © kff.kz

Бүгін, 16 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар лигасындағы төртінші матчын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 16 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар лигасындағы төртінші матчын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Станимир Стойлов жаттықтыратын команданың қарсыластары Андорра құрамасы. Кездесу "Астана Арена" алаңында өтеді. 20:00-де басталатын ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляцияға сілтеме >>>

Еске сала кетейік, Ұлттар лигасындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Гүржістаннан 0:2 есебімен ұтылған, осыдан кейін Андорра және Латвиямен тең ойнады - 1:1.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы екі ұпаймен D дивизионындағы 1 топта екінші келеді. Латвия мен Андорра құрамаларында да ұпай саны осындай. Топта тоғыз ұпаймен Гүржістан құрамасы көш бастап тұр.

Ұлттар лигасы арқылы Еуро-2020 жарысына жолдамадан айырылып қалмас үшін Қазақстан құрамасы Андорраны ұтып, Гүржістанның Латвиямен ойнында қателікті күту керек. Егер Қазақстан Андоррамен ойында ұпай жоғалтса, топта бірінші болу мүмкіндігінен айырылады. Ал Гүржістан Латвияны ұтса, D дивизионындағы 1 топта көшбасшы болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети