Трансферлік құны бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш футболшы "Астана" сапынан, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Трансферлік құны бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш футболшы "Астана" сапынан, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, рейтингті 31 жастағы хорватиялық хавбек Марин Томасов бастап тұр, трансферлік құны - 3 миллион еуро.
Екінші орынды Қазақстан құрамасының футболшылары Роман Муртазаев пен Дмитрий Шомко бөлісіп отыр. Трансферлік құны - 2,5 миллион еуро. Былтыр жазда ғана "Астананың" 25 жастағы шабуылшысы 1,2 миллионға бағаланған, ал 28 жастағы қорғаушының трансферлік құны өзгермеген - сол кезде 2,5 миллион еуро болған.
Тізімде төртінші Қазақстан құрамасының ойыншысы және "Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан - 2,3 миллион еуро. Бесінші орынды "Ордабасы" және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин мен Қазақстан тумасы, қазір Белорусь құрамасы мен қостанайлық "Тобыл" форварды Михаил Гордейчук бөлісіп отыр - 2 миллион еуро.
Жетінші орында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы, "Қайрат" сапындағы Исламбек Қуат, трансферлік құны 1,8 миллион. Оның соңында алматылық клубтың тағы бір футболшысы - украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола - 1,7 миллион еуро.
Тоғызыншы орында "Астананың" конголезиялық форварды Жуниор Кабананга, босниялық қорғаушы Марин Аничич және "Қайрат" пен құрама қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев тұр - 1,5 миллион еуро.
Осылайша, рейтингте "Астананың" бес, "Қайраттың" төрт және "Тобыл" мен "Ордабасының" бір-бір футболшысы бар екен. Айта кетейік, Щеткин жақында шымкенттік командаға ауысты, ал оны "Астанадағы" ойыны арқылы бағалаған.