ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 29 қаңтар 2014, 15:56
Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі Гондурастан да төмен
Футбол тарихы мен статистикалары халықаралық федерациясы (IFFHS) ұлттық біріншіліктердің рейтингтерін түзді, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz.. Аталмыш рейтингте Қазақстан Премьер-лигасы Гондурас чемпионатынан да төмен орналасыпты.Дегенмен, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда биыл Премьер-лигамыз жағдайын біршама жақсартыпты. Нақты айтсақ, 104-ші сатыдан 83-орынға дейін көтерілген. Ал Гондурас футбол чемпионаты IFFHS рейтингінде 82-орынға табан тірепті.Жалпы, ең үздік футбол лигасы болып әлем бойынша биыл төртінші рет Испания La-лигасы танылып отыр. Екінші орында Англия Премьер-лигасы болса, үздік үштікті Германия Бундеслигасы қорытындылады.Өткен жылы 19-сатыдан көрінген Ресей Премьер-лигасы биыл алдына әлгі үштіктен бөлек, Италия, Бразилия, Аргентина және Франция чемпионаттарын жіберіп, 8-орынға көтеріліпті. IFFHS тұжырымы бойынша ұлттық біріншіліктердің ТОП-125 рейтингі:1 (1)*. Испания - 1155,00 ұпай,2 (5). Англия - 1128,00,3 (3). Германия - 1056,00,4 (4). Италия - 927,00,5 (2). Бразилия - 896,00,6 (6). Аргентина - 868,00,7(7). Франция - 796,00,8 (19). Ресей - 739, 50,9 (21). Колумбия - 724,50,10 (14). Румыния -722,50,...82 (77). Гондурас - 253,50...83 (104). Қазақстан - 252,50.*Ескерту: Жақшаның ішінде өткен жылғы көрсеткіштері.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии