Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі Гондурастан да төмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі Гондурастан да төмен Қазақстан Премьер-лигасы. Сурет Vesti.kz сайтынан

Футбол тарихы мен статистикалары халықаралық федерациясы (IFFHS) ұлттық біріншіліктердің рейтингтерін түзді, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz.. Аталмыш рейтингте Қазақстан Премьер-лигасы Гондурас чемпионатынан да төмен орналасыпты. Дегенмен, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда биыл Премьер-лигамыз жағдайын біршама жақсартыпты. Нақты айтсақ, 104-ші сатыдан 83-орынға дейін көтерілген. Ал Гондурас футбол чемпионаты IFFHS рейтингінде 82-орынға табан тірепті. Жалпы, ең үздік футбол лигасы болып әлем бойынша биыл төртінші рет Испания La-лигасы танылып отыр. Екінші орында Англия Премьер-лигасы болса, үздік үштікті Германия Бундеслигасы қорытындылады. Өткен жылы 19-сатыдан көрінген Ресей Премьер-лигасы биыл алдына әлгі үштіктен бөлек, Италия, Бразилия, Аргентина және Франция чемпионаттарын жіберіп, 8-орынға көтеріліпті. IFFHS тұжырымы бойынша ұлттық біріншіліктердің ТОП-125 рейтингі: 1 (1)*. Испания - 1155,00 ұпай, 2 (5). Англия - 1128,00, 3 (3). Германия - 1056,00, 4 (4). Италия - 927,00, 5 (2). Бразилия - 896,00, 6 (6). Аргентина - 868,00, 7(7). Франция - 796,00, 8 (19). Ресей - 739, 50, 9 (21). Колумбия - 724,50, 10 (14). Румыния -722,50, ...82 (77). Гондурас - 253,50 ...83 (104). Қазақстан - 252,50. *Ескерту: Жақшаның ішінде өткен жылғы көрсеткіштері.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +24
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +19
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +26
Тараз +32
Түркістан +16
О
Орал +16
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер