11 ақпан 2020 09:50

Қазақстанда дүниеге келген футболшы "Манчестер Сити" сапына қосылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Равиль Тагир. © fanatik.com.tr Равиль Тагир. © fanatik.com.tr

Қазақстанда дүниеге келген түркиялық "Алтынорду" қорғаушысы Равиль Тагирге англиялық бірнеше клуб қызығып отыр, - деп хабарлайды Yeni Asir.


Қазақстанда дүниеге келген түркиялық "Алтынорду" қорғаушысы Равиль Тагирге англиялық бірнеше клуб қызығып отыр, - деп хабарлайды Yeni Asir.

Бұл командалар арасында "Манчестер Сити", "Лестер" мен "Кристал Пэлас" бар.  Командалар маусым аяғында трансфер туралы ұсыныс жасай алады.

Ал "Алтынорду" ойыншыларының трансферіне әлі баға белгілемеді, клуб келісімшарттың өздеріне де, футболшыға да ұтымды болуын қарастырып жатыр. 

Қаңтарда Тагирге АПЛ-дегі "Норвич" және түркиялық "Фенербахче" мен "Галатасарай" да қызығушылық танытқан. Ал қазір АПЛ клубтарымен қоса, ойыншыға германиялық командалар да көз тігіп отыр.

16 жастағы Тагир ересектер арасында алғашқы маусымын ойнап жатыр. "Алтынорду" сапында ол екінші лигада 16 матч өткіді. 2019 жылы қорғаушы Түркияның жастар құрамасында өнер көрсетіп, Еуро-2021 іріктеунде екі ойынға қатысты. 

Тагир Жамбыл облысында дүниеге келген. 2010 жылы жеті жасында оның отбасы тарихи отанына көшіп кеткен. Тагир мен "Алтынорду" арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген, ал Transfermakt оның трансферін 700 мың еуроға бағалап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети