Қазақстанда футбол төрешілері екі есе көп табыс табатын болды. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХII конференциясында ұйым басшысы Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстанда футбол төрешілері екі есе көп табыс табатын болды. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХII конференциясында ұйым басшысы Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футбол федерациясы жас әрі талантты футбол төрешілерін анықтап, оларды ілгерілетуге бағытталған төрешілік ету саласындағы жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. "Жас төрешілерді ілгерілету қазақстандық төрешілер арасындағы бәсекелестіктің дәрежесін көтеруге жол ашады. Кез келген төреші үшін мансаптың шарықтау шегі - әлем чемпионатының финалдық кезеңінде төрелік ету. Және бұл біздің мақсат. Біз қазақстандық төрешілердің сыйақысын екі есеге арттырамыз. Бұл шара төрешілердің жұмысын одан әрі тартымды етуі тиіс", - деді Қожағапанов.
Айта кетейік, ҚФФ конференциясында Футболды дамытудың 2016-2022 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама бойынша, балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға басымдық беріледі. Бағдарлама футболмен айналысатын балалар мен балалар бапкерлерінің санын арттыру мәселесін шешумен айналысады. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген өңірінде жас төрешілердің арнайы мектептері бар, олар екі жыл оқытқаннан кейін футбол төрешілерін шығарады. Төрешілер мектебінде 14-15 жастан бастап бастапқы білімді алуға болады, жалғастырамын деушілер үшін арнайы курстар бар, дегенмен бұл кәсіппен кез келген жаста айналысуға болады.