26 қаңтар 2015 | 16:09

Қазақстандық екі бала "МЮ" мен "Манчестер Сити" клубтарында іріктеуден өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Қазақстандық екі жасөспірім U.G.A Lyon француз балалар мен жасөспірімдер командасының сапында футбол ойнауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне осы клубтың директоры Араик Адамян айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық екі жасөспірім U.G.A Lyon француз балалар мен жасөспірімдер командасының сапында футбол ойнауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне осы клубтың директоры Араик Адамян айтып берді.

1999 жылғы Саид Эмал "Локомотив-Юниор" деп аталатын алматылық командада жаттыққан. Ол бақылаудан өтіп, U.G.A Lyon бапкерлері оны құрамда қалдыруға шешім жасады. Футболшының бұл командаға келгеніне он күндей болды. Сәуір айында Саид "Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" командаларының біріккен іріктеуіне жіберілуі мүмкін. U.G.A Lyon тәжірибе алмасу үшін осындай іріктеулерді жиі өткізіп отырады.

Екінші ойыншыға келсек, Дінмұхамед Рахымбердиев (2002 жылы туылған) Тараз қаласындағы "Монтажник" футбол мектебінде жаттыққан. Бұл бала да U.G.A Lyon бапкерлерінің көзіне түсті. Францияда олар футбол ойнап қана үйренбейді, сонымен қатар жалпы білім алып, француз тілін меңгереді. Рахымбердиев те сәуір айында екі апталық іріктеуден өту үшін ағылшын клубтарына баруы мүмкін. 

Араик Адамянның айтуынша, U.G.A Lyon клубының еуропалық танымал клубтармен байланысы бар, сондықтан бұл мектептің балалары осы айтылған іріктеулерде тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Қазақстандық футболшыларды оған "Локомотив-Юниор" клубының бапкері Андраник Антонян ұсынған.

Айта кетейік, U.G.A Lyon клубында тағы бір қазақстандық жас футболшы бар. Ол Мирас Бостанов. Бапкерлер оған зор үміт артып отыр. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети