Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев Instagram желісіндегі парақшасына "мама" деген жазуы бар жаңа бутсыларының суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев Instagram желісіндегі парақшасына "мама" деген жазуы бар жаңа бутсыларының суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Порталдың мәліметінше, футболшы өткен маусымды жаттығу кезінде аяғының сынуына байланысты өткізіп алған болатын. Биыл Көкеев "Қайрат" құрамына қайта оралды. Казақстан премьер-лигасы 19 турының "Шахтер" мен "Қайрат" арасындағы матчында ол командасының бесінші голын соқты және алматалықтар 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ҚПЛ футболшыларының арасында түрлі жазбасы бар бутсы кию кеңінен тараған. Футболшылар көбінесе туған күндерін, өздерінің, әйелдерінің немесе балаларының есімдерін жаздырады. Ал "Астана" ФК және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев сәуірде Allah деген жазуы бар бутсыға тапсырыс берген болатын.