Евро-2020 іріктеу матчтарының бастапқы ойынында Бельгия құрамасы Ресейді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Евро-2020 іріктеу матчтарының бастапқы ойынында Бельгия құрамасы Ресейді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Брюсселде өткен I тобының ойыны 3:1 есебімен аяқталды. Матчта үш гол бірінші кезеңде, тағы бір гол екінші кезеңде салынды. 14-ші минутта Юри Тилеманс Бельгияны алға шығарды, бірақ 16-шы минутта Денис Черышев қарсылас команданың қақпашысы Тибо Куртуаның қателігін пайдаланып ойын есебін теңестірді. Одан кейін, Эден Азар дубль жасады. Ол 45-ші минутта пенальтиді сәтті іске асырып, ал 88-ші минутта ойын кезінде гол соқты. Бұл матчта Ресей құрамасында ойыншылар саны ойын барысында азайған. Себебі 91-ші минутта "Монако" клубының ойыншысы Александр Головин ойын барысында екі рет сары қағаз алды. Сөйтіп ол ендігі кездесуді өткізіп алады.
I тобының басқа матчтарында Қазақстан Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Кипр өз алаңында Сан-Марино қақпасына 5 гол соқты. Есеп 5:0 Кипрдың пайдасына. Екінші турда Қазақстан өз алаңында Ресейді қабылдайды. Ойын 24 наурызда елордада Астана уақытымен сағат 20.00 болады. Дәл осы күні сағат 23.00 Сан-Марино - Шотландия өзара кездеседі. 25-сі күні сағат 01.45-те Кипр - Бельгия ойнайды.