11 қаңтар 2015 | 18:03

Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалында ең соңғы орынға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©granatkin.com ©granatkin.com

Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасы (U-18) Гранаткин Мемориалындағы ойындарын жеңіліспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасы (U-18) Гранаткин Мемориалындағы ойындарын жеңіліспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Санкт-Петербург қаласында өткен жарыста 17-18 орындарға таласқан ойында Сергей Тагиев жаттықтырған қазақстандық команда Ресей-2 командасынан ұтылып қалды. Кездесу 2:4 есебімен аяқталды. Айта кетейік, ресейлік команданың құрамындағы футболшылар қарсыластарынан бір жасқа кіші. Қазақстан құрамасының есебіндегі бір голды Фарук Мірсәлімбаев салса, екіншісі ресейліктердің автоголы. Осылайша қазақстандық команда жарыстағы барлық ойында жеңіліп, 18-інші орын алды. Жарыстың статистикасы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы 2015 жылды ФИФА рейтингінің 139 - орнынан бастағаны хабарланған болатын. 138 - орында Мавритания, ал 140 - орында Сент-Люсия тұр. Қазақстанның футболдан қарсыластары Еуро-2016 іріктеп алынған тобы бойынша мынандай орындарда тұр: Голландия өзінің бесінші орнын сақтап қалды, Чехия 17-інші, Исландия 33 - орында тұр, ал Түркия 49 - орыннан 48-ге көтерілді, Латвия 96 - орында қалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети