24 шілде 2014 12:17

"ҚазМұнайГаз" жейдесін "Галатасарай" кие ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aynaline.kz ©aynaline.kz

 Қазақстанның мұнай өндіретін ірі компанияларының бірі – «ҚазМұнайГаз» алдағы маусымнан бастап Түркияның «Галатасарай» футбол клубының бас демеушісі болуға ниетті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


 Қазақстанның мұнай өндіретін ірі компанияларының бірі – «ҚазМұнайГаз» алдағы маусымнан бастап Түркияның «Галатасарай» футбол клубының бас демеушісі болуға ниетті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Түркияның Fanatik басылымының ақпараты бойынша, өткен аптада «Галатасарай» клубының президенті Ұнал Айсал осы мәселеге байланысты екі тарап арасындағы келісімшартқа отыру үшін Қазақстанға келген. Бірақ, түркиялық команданың президенті «ҚазМұнайГаздың» ұсынып отырған сомасын азсынып, келіссөздер тоқтап қалған көрінеді. Қазақстандық компания түрік клубының жейдесінде өзінің жарнамасын жапсыру үшін 10 миллион АҚШ долларын ұсынып отыр. Ал, «Галатасарай» жетекшілері болса біздің компаниядан 15 миллион доллар сұрап жатыр.

Қазақстандық компаниядан бөлек, түркиялық клубқа демеушілік жасауға Әзірбайжанның «Socar» мұнай компаниясы да мүдделі. Алайда, бұл ақпаратты CNN Turk порталы жоққа шығарып отыр. Орайы түскенде айта кетейік, «Галатасарайдың» бұрынғы демеушісі «Türk Telekom» компаниясы клуб жейдесінің алдыңғы бөлігіндегі жарнамасы үшін 7 миллион, ал екі қолындағы жарнамасы үшін 2,5 миллион доллар төлеген.

Алда-жалда екі жақ бір тоқтамға келіп жатса, онда Қазақстандық компанияның атауы 3 жыл бойы «арыстандар» (Түркияда «Галатасарай» клубын осылай атайды) жейдесінде жазылып тұрмақ. Тағы бір ескере кететін жәйт, Түркияда «ҚазМұнайГаз»-дың қонақүйі бар. Сондықтан да клубтың қазақстандық компанияны таңдауына бұл да әсер етуі мүмкін. Дегенмен, келіссөздердің екінші бөлігі тамыз айында болады екен.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың сәуір айында қазақтың "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен түріктің "Галатасарай" спорт клубы халықаралық қарым-қатынастарын күшейтіп, әлеуетті комммерциялық мүмкіндіктерін жетілдіре түсу мақсатында өзара ынтымақтастық мемарандумға қол қойған болатын. Бұл Мемарандум да екі тарап арасында алдағы уақытта келіссөздерді ойдағыдай аяқтауға себебін тигізіп қалуы мүмкін. Егер, расымен де «ҚазМұнайГаз» бен «Галатасарай» келісімге келіп жатса, онда клуб ішкі біріншілікте де Чемпиондар лигасында да жейделеріне қазақстандық компанияның жарнамасын тағып шығатын болады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети