Қазақстан футбол федерациясы өздерінің ресми сайтында Қазақстан құрамасының футболшылары еуропалық бағытта қазақстандық ұшақтармен ұшпайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан футбол федерациясы өздерінің ресми сайтында Қазақстан құрамасының футболшылары еуропалық бағытта қазақстандық ұшақтармен ұшпайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Отандық әуекомпаниялар арасында "Эйр Астана" ғана Еуропаға ұша алады. Федерация компаниямен Қазақстан құрамасының командасын чартерлік рейстпен жеткізу мәселесі бойынша бірнеше рет келіссөздер жүргізді, алайда "Эйр Астана" ондай мүмкіндікпен қамтамасыз ете алмайды, сол себепті де біз басқа елдердің әуе компанияларының қызметін пайдаланамыз", - деді федерация өкілдері.
Мұндай жағдайда Қазақстан құрамасы көрші елдердің әуе компанияларының қызметін пайдаланады: Өзбекстан, Ресей, Армения, Грузия. Алматыда Бухарестке дейінгі бағытта өзбекстандық әуе компаниясының қызметі сапасы мен бағасы тиімді болды.
Айта кетейік, ұлттық құрама чартерлік рейспен тек тікелей рейстер болмаған жағдайда ұшып барады. Мысалы, Варшавада өткен ойынға польшалық тұрақты рейспен ұшып барды. Ал Черногориямен өткен ойынға бару үшін футболшылар армяндық әуе компаниясының қызметін пайдаланды", - делінген хабарламада.
Румыния құрамасына қарсы ойын Плоешти қаласында 6 қазанға қараған түні Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады. QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, Fanatik.kz сайтында мақала авторы Қазақстан құрамасының Румынияға "Өзбекстан" жазуы бар ұшақпен келуіне байланысты әзілдеп те үлгерген.
"Алдамшы тәсіл: біздің ұлттық құрама ойын алдында румындарды қорқыту үшін күшті қарсылас болып келді", - делінген жаңалықта.
© Uzbekistan Airways
Еске салайық, алда Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін әлем чемпионаты 2018 іріктеу кезеңінде екі маңызды ойын бар: 6 қазанға қараған түні Бородюк шәкірттері Румыниямен кездеседі, ал үш күннен соң Астанада қазақстандықтар Армения құрамасын қабылдайды.