Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков федерацияның ұжымымен жиналыс өткізді. Департамент жетекшілері қазақстандық футболдың қазіргі ахуалын айтып, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады. Жиын қорытындысы бойынша федерацияның алдағы міндеттері нақтыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚФФ Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ең алдымен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне лайықты үміткер анықтау қаралды. Ұлттық құраманың алдағы уақытта УЕФА Ұлттар Лигасына дайындықты бастайды. 23 және 26 наурыз күндері Венгрия және Болгария құрамаларымен жолдастық кездесу жоспарланған.
"Бұқаралық футболдың жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыру. Федерация ойынға деген қызығушылықты арттырып, бұқаралық футболды күшейту. Әлеуметтік маңызды рөлді атқару, яғни дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру. Қысқа мерзімде ішінде аймақтық футбол орталықтарының бағдарламаларын талапқа сай екенін тексеру. Білім беру және жаттығу процесіне қажетті түзетулерді енгізу. ҚР Білім және ғылым министрлігімен жалпы білім беру мектептеріне "Футбол сабағын" енгізу аумағын кеңейту", - делінген хабарламада.
Келесі міндет - аймақтық футбол федерацияларының футбол инфрақұрылымын қатал тексеруден өткізу. Аймақ жетекшілерімен футбол алаңдары мен стадиондарды кезең кезеңімен жаңғырту, заманауи халықаралық талаптарға көшу.
"Премьер-Лига командалары арасында чемпионатты дамыту да маңызды бағыттардың бірі болмақ. Клубтардың отандық бапкерлерге деген сенімін нығайту жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, қазақстандық жас футболшылардың ойын тәжірибесі мәселесіне көңіл бөлу. Төрешілер жүйесін жақсарту, төрешілердің тәртібіне баса назар аудару. Сонымен қатар, төрешілердің физикалық және кәсіби деңгейін арттыру", - делінген хабарламада.
Астана қаласындағы спортшылардың денсаулығын қалыпқа келтіруге арналған медициналық оңалту орталығын құру мәселесі зерттеледі.