Киевтегі "Динамо" клубының жартылай қорғаушысы Аруна Лукман "Астанамен" келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" футбол клубының сайтына сілтеме жасап.
Киевтегі "Динамо" клубының жартылай қорғаушысы Аруна Лукман "Астанамен" келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" футбол клубының сайтына сілтеме жасап.
Футбол клубының мәліметінше, ол елордалық командада жалдану есебінде өнер көрсетеді.
Аруна Лукман "Динамодан" басқа франциялық "Монако", украиналық "Говерла" және ресейлік "Анжи" құрамында ойнады. 2008 жылдан бастап Нигерия құрамасында. 25 жастағы жартылай қорғаушының жетістіктерінің арасында жасөспірімдердің 2007 жылғы Әлем және Африка чемпионаттарындағы алтын медальдары және Украина чемпионатының күміс және қола медальдары бар.
Ол "Астана" құрамында 20-номерде өнер көрсетеді.