Конфедерация кубогының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конфедерация кубогының жеңімпазы анықталды © RT.com

3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды tvzvezda.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды tvzvezda.ru.

Командалардың кездесуі Санкт-Петербургтегі "Крестовский" стадионында өтіп, Германия құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 20-шы минутта Марсело Диастың қателігінен кейін Тимо Вернерден пас алған Ларс Штиндль соқты.

Германия командасы Конфедерация кубогын тұңғыш рет жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Германияның үш бірдей ойыншысы үздік бомбардирлердің қатарынан табылды - Ларс Штиндль, Тимо Вернер және Леон Горецка үш голдан соқты. 

Айта кетейік, топтық кездесуде Германия мен Чили кездесіп 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Сол кезде Штиндль гол соққан еді. 

Ал мұның алдында Конфедерация кубогындағы үшінші орынға талас матчында Португалия овертаймда Мексика құрамасын 2:1 есебімен жеңген еді. Роналдусыз алаңға шыққан Фернанду Сантуш шәкірттері Мексика құрамасын қосымша уақыт қорытындысы бойынша жеңді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети