Конор МакГрегор "Астананы" ойсырата жеңген "Селтиктің" жанкүйерлерін мақтады

Конор МакГрегор "Астананы" ойсырата жеңген "Селтиктің" жанкүйерлерін мақтады © instagram.com/thenotoriousmma

Америкалы? боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекке дайындалып жат?ан UFC чемпионы Конор МакГрегорге шотландиялы? "Селтикті?" жанк?йерлері шы?ар?ан идея ?нап ?алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекке дайындалып жатқан UFC чемпионы Конор МакГрегорге шотландиялық "Селтиктің" жанкүйерлері шығарған идея ұнап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчта фанаттар баннерге МакГрегордың сөзін жазған. "Біз мұнда қатысу үшін келген жоқпыз. Біз мұнда барлығын жаулап алу үшін келдік", - деп жазған жанкүйерлер баннерге.

"Селтик" футбол клубы көтеріліп келеді! Нағыз жанкүйерлердің қолдауы дәл осындай болуы керек! Қандай әсерлі көрініс! Қандай команда! Барлығыңызға рақмет", - деп жазды МакГрегор Twitter желісінде.

Жарнама
Жарнама

 

Еске салайық, "Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы бірінші ойында "Селтиктен" 0-5 есебімен жеңіліп қалған болатын. "Селтик" пен "Астананың" қарымта кездесуі 22 тамызда Қазақстан елордасында өтеді. Жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады, ал жеңілгені Еуропа лигасында ойнайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама