17 тамыз 2017 09:20

"Астана" "Селтиктен" ірі есеппен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы сырт алаңда өткізген кездесуінде шотландиялық "Селтиктен" ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы сырт алаңда өткізген кездесуінде шотландиялық "Селтиктен" ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ойын Глазгодағы "Селтик Парк" стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Матч кезінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрғанын айта кетейік. Ойынның басында қос команданың да гол соғатын мүмкіндігі болған жоқ. Бірінші соққыны 20-шы минутта "Астана" жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов жасады.   


Фото: uefa.com

Ал бірінші таймның аяқталар тұсында, яғни 32-ші минутта "Селтик" алға шықты. Бұл кезде "Астана" қорғаушысы Евгений Постников аустралиялық хавбек Том Рогичтің пасын тоқтатамын деп, өз қақпасына автогол соғып алды. 

Сол Постников 34-ші минутта өз қателігін түзейтін мүмкіндікке ие болған, алайда бұрыштама доптан кейін оның соққысы "Селтик" қақпасынан сәл қисық кетті. Шотландиялықтар бұдан кейін басымдыққа ие болды. "Астананың" венгр хавбегі Ласло Кляйнхайслер 42-ші минутта алаң ортасына қателік жасап, пасымен "Селтик" жартылай қорғаушысы Скотт Синкларды қақпашымен бірге-бір шығуға мүмкіндік жасап қойды. Ағылшын қарсыласының "сыйлығын" мүлт жібермей, Александр Мокинді алдап кетіп, гол салды. 

"Астанаға" екінші тайм да сәтсіз болды. Үзілістен кейін "Селтик" есепті 3:0-ге дейін жеткізді. 60-шы минутта "Астананың" қорғаушысы Юрий Логвиненко Рогичпен баспен соғысып қалды да, "Селтиктің" ойыншысы Синклейр дубль жасады. Логвиненкоға бірнеше минут бойы жәрдем көрсетілді, ол гол алдында ереже бұзғаны үшін ескерту қағазын алып, алаңнан шығарылды. Мұның кесірінен ол қарымта кездесуге қатыса алмайтын болды.

Енді осыдан кейін "Астана" шабуылы тұрақтап қалды. Қазақстандық клуб өз алаңынан шыға алмай қалған кездер де болды. 

Нәтижесінде "Селтик" төртінші голды салып кетті - форвард Ли Гриффитс ұзақтан келген пасты алып, жартылай қорғаушы Джеймс Форрестке өткізген, ол өз кезегінде мүмкіндікті қалт жібермеді. Бұл кельттердің жетінші соққысы болатын, оның төртеуі қақпаға дәл бағытталды.

"Селтик" мұнымен де тоқтамады. 88-ші минутта Игорь Шитов "Астана" қақпасына екінші автоголды салып алды. 

"Селтик" пен "Астананың" қарымта кездесуі 22 тамызда Қазақстан елордасында өтеді. Жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады, ал жеңілгені Еуропа лигасында ойнайды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети