Коронавирусқа байланысты Ұлттар лигасының матчы өтпейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа байланысты Ұлттар лигасының матчы өтпейтін болды Фото: fotball.no©

УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Румыния мен Норвегия құрамалары арасында 15 қарашаға жоспарланған матчты өтпейтін болды, - деп хабарлайды R-Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Румыния мен Норвегия құрамалары арасында 15 қарашаға жоспарланған матчты өтпейтін болды, - деп хабарлайды R-Sport.

Бұған дейін норвегиялық ойыншы Омар Элабделлауиден коронавирус табылған. Осыдан кейін бүкіл ұлттық құрамасы Норвегия заңдарына сәйкес Осло қонақ үйлерінің бірінде карантинге жабылды. Норвегия футбол қауымдастығы (NFF) жергілікті денсаулық сақтау органдарынан коронавирус жағдайына байланысты команданың шетелге шығуына тыйым салынатыны туралы хат келгенін хабарлады. Осы жағдайға байланысты Норвегия құрамасы Румынияға қарсы Ұлттар лигасы матчына бара алмады.

УЕФА бұл іс одақтың тәртіптік комитетіне жіберілгенін хабарлады. Норвегия құрамасына техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін.

Норвегиялықтар төрт матчтан кейін тоғыз ұпаймен Ұлттар лигасының В дивизионы 1-тобында екінші орында тұр. 18 қарашада турнир аясында олар сырт алаңда Австриямен кездесуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети