Коста-Рика мен Италия құрамаларының ойынынан кейін коста-Риканың футболшыларын допингке тексеруге жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Коста-Риканың 7 бірдей ойыншысы допинг-тест тапсыруға жіберілді.

Стандарт бойынша әр командадан екі ойыншы допинг-тестке жіберілуі тиіс. Алайда бұл жолы солтүстікамерикалық командадан 7 футболшыны допингке тексермек.
"Негізгі екеуінен бөлек қалған бесеуі чемпионаттың алдында допинг-тестен өтпеген. Сондықтан допинг-тестке жіберілді", делінген ФИФА-ның ресми сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, Коста-Рика құрамасы италиялықтарды 1:0 есебімен жеңді. D тобындағы матч 20 маусым күні өтті. Матчтағы жалғыз голдың авторы нидерландық ПСВ шабуылшысы, Коста-Рика құрамасының ойыншысы Брайан Руис. Ол ойынның 44-минутында қақпаға допты баспен ұрып кіргізді.