Қарағандыда футболдан "Былғары доп Coca-Cola" турнирінің 2001-2002 жылдары туған балалар арасындағы додасының финалы өтіп, онда Қостанай жеткіншектері жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарағандыда футболдан "Былғары доп Coca-Cola" турнирінің 2001-2002 жылдары туған балалар арасындағы додасының финалы өтіп, онда Қостанай жеткіншектері жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Финалда елімдің барлық аймағының үздіктері, яғни 16 команда бақ сынады. Әуелі олар төрт командадан төрт топқа бөлініп, додаға түсті. Содан әр топта бірінші орынға ие болғандар жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда жеңіске жеткендер финалда бас бәйгені сарапқа салып, жеңіліске ұшырағандар ІІІ-орын үшін таласты.
Шешуші ойын Қостанай және Жамбыл облыстарының балалары арасында өтіп, астықты өлкенің өрендері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орынды Ақмола облысындағы Атбасар қаласының жеткіншектері иеленді.
Доп додасы мәресіне жеткен соң, әр шептегі үздік футболшылар анықталды:
Ең үздік қақпашы – Жеңіс Әмірбек (Жамбыл обл.),
Ең үздік қорғаушы – Дәулет Есетов (Қостанай),
Ең үздік шабуылшы – Қуаныш Жүнісов (Ақмола обл.),
Турнирдің ең үздік ойыншысы – Святослав Кожедуб (Қостанай).
Доп додасының жабылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов жас Кожедубтан өте шебер футболшы шығатындығына және болашақта оның еліміздің ұлттық құрамасының намысын қорғайтындығына сенімді екендігін білдірді.
Жалпы, турнирдің жабылу салтанатына көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Олардың бәрі де "осы Былғары доп додасынан түлеп ұшқан Сергей Хижниченко мен Рауан Сариев секілді талантты футболшылар бүгінгі жас жеткіншектер арасында да бар екендігіне сенім білдірді", – деп хабарлайды аталған бүкілреспубликалық доданы ұйымдастырушылардың бірі һәм менеджері Фархат Сейітов.