Сурет ffk.kz сайтынан
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті. Осы ойыннан соң жаңа бас бапкеріміз Қазақстан құрамасының бірыңғай киім үлгісін кимей сұхбат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Түрік жеріндегі Қазақстан – Литва кездесуі барысында (қарсаңында және ойыннан соң) бізге жаңа бас бапкердің бір қылығы ұнамады. Өзіміз Антальяда болған жоқпыз. Бірақ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайттарында жариялаған материалдарынан Юрий Красножанның ұлттық құраманың бірыңғай киім үлгісін кимей жүргенін байқадық. Сол кезде есімізге еріксіз бұрынғы бапкеріміз Мирослав Беранек түсті. Қарапайым чех маманы Қазақстан ұлттық құрамасының киім үлгісін үстінен тастамайтын. Ал жаңа бапкер оны әлі киер емес. Бұл қалай? Келісімшартпен қазақтың ақшасын алып, ал ұлттық құрамасының киімін кигісі келмегені ме?! Әйтеуір Қазақстан футбол федерациясы сайтында тұрған бейнесұхбатында басқа киіммен тұр (суретті қараңыз). Онда тіпті үстіне киген спорттық киімінің оң жақ кеуде тұсынде "Adidas" деген жазу бар. Әлде осы бір әйгілі фирманы жарнамалап жүргені ме?.. Осы сұрақпен Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі департаментінің директоры Измаил Бзаровпен хабарластық. – Бас бапкер жақында ғана ұлттық құраманың киім-кешегімен толық қамтамасыз етілді. Оның үстіндегі – өзінің жеке киімі емес, біз берген жұқа күртеше. Тек біз бұл киімдерге әлі "Қазақстан" деген жазуды жапсырып үлгерген жоқпыз. Ал футболшылар былтырғы киімдерімен жүр. Олардың үстіндегі – бұрынғы бас бапкердің тұсында берілген спорттық киімдер. Сондықтан бұл жолы бас бапкер мен футболшылардың киімдері екі түрлі болды. Алдағы уақытта бәрі де ұлттық құраманың бірыңғай киім үлгісінде болады, – деп жауап берді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті. Осы ойыннан соң жаңа бас бапкеріміз Қазақстан құрамасының бірыңғай киім үлгісін кимей сұхбат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Түрік жеріндегі Қазақстан – Литва кездесуі барысында (қарсаңында және ойыннан соң) бізге жаңа бас бапкердің бір қылығы ұнамады. Өзіміз Антальяда болған жоқпыз. Бірақ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайттарында жариялаған материалдарынан Юрий Красножанның ұлттық құраманың бірыңғай киім үлгісін кимей жүргенін байқадық.
Сол кезде есімізге еріксіз бұрынғы бапкеріміз Мирослав Беранек түсті. Қарапайым чех маманы Қазақстан ұлттық құрамасының киім үлгісін үстінен тастамайтын. Ал жаңа бапкер оны әлі киер емес. Бұл қалай? Келісімшартпен қазақтың ақшасын алып, ал ұлттық құрамасының киімін кигісі келмегені ме?!
Әйтеуір Қазақстан футбол федерациясы сайтында тұрған бейнесұхбатында басқа киіммен тұр (суретті қараңыз). Онда тіпті үстіне киген спорттық киімінің оң жақ кеуде тұсынде "Adidas" деген жазу бар. Әлде осы бір әйгілі фирманы жарнамалап жүргені ме?..
Осы сұрақпен Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі департаментінің директоры Измаил Бзаровпен хабарластық.
– Бас бапкер жақында ғана ұлттық құраманың киім-кешегімен толық қамтамасыз етілді. Оның үстіндегі – өзінің жеке киімі емес, біз берген жұқа күртеше. Тек біз бұл киімдерге әлі "Қазақстан" деген жазуды жапсырып үлгерген жоқпыз. Ал футболшылар былтырғы киімдерімен жүр. Олардың үстіндегі – бұрынғы бас бапкердің тұсында берілген спорттық киімдер. Сондықтан бұл жолы бас бапкер мен футболшылардың киімдері екі түрлі болды. Алдағы уақытта бәрі де ұлттық құраманың бірыңғай киім үлгісінде болады, – деп жауап берді.