07 ақпан 2014 | 22:53

Красножан Қазақстанға келгеніне риза

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан футбол федерациясының суреті Қазақстан футбол федерациясының суреті

Жұма күні Астанадағы "Rixos President Astana" қонақүйінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері таңыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңа бапкерді БАҚ өкілдеріне таңыстыруға Қазақстан футбол федерацияның бірінші вице-президенті Саят Хамитжанов пен құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус келді. Саян Хамитжанов: – Өздеріңіз білесіздер, қоңыр күзде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары басталады. Біз осыған дайындықты ерте бастауымыз қажет. Алдағы 1 наурызда ұлттық құрама бірінші оқу жаттығу жиындарын өткізеді. Ол 5 күнге созылады. Ал 5 наурызда Қазақстан құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізеді. Түркиядағы жиында құраманы жаңа бапкер жаттықтырады. Енді Қазақстан құрамасының тізгінін ресейлік маман Юрий Анатольевич Красножан ұстайды. Красножан – PRO лицензиясы бар тәжірибелі жаттықтырушы. Бапкерлікпен айналысып жүргеніне – 20 жыл. Нальчиктің «Спартагын» өте жоғары деңгейге көтерді. Юрий Красножанның бапкерлік таланты Ресейдің атақты клубтарының қызығушылығын оятты. Олардың қатарында "Локомотив" (Мәскеу), "Анжи" (Махачкала), "Кубань" (Краснодар), "Терек" (Грозный) клубтары бар. Сондай-ақ, 2011-2013 жылы Ресейдің екінші құрамын жаттықтырды. Біз осы уақытқа дейін бірнеше кандидатураны қарастырдық. Ең соңында бәрімізге тиімді деп, Юрий Анатольевичтің кандидатурасына тоқтадық. Біріншіден, Красножан орта деңгейлі ойыншылармен жақсы жұмыс істей алады. Мысалы, Нальчиктің командасын жаттықтырған кезде, ешкім танымайтын футболшылардан жұлдыз жасап шығарды. Екіншіден, Красножан – орыс тілді маман. КСРО кезінде дүниеге келген. Сондықтан ТМД елдерінің менталитетін жақсы біледі. Үшіншіден, Красножан тактикалық тұрғыда өте жақсы жұмыс жасайды. Жоғары деңгейлі командаларға қарсы құрған оның тактикалары өз жемісін беріп жатады. Келісімшарт "2+2" жүйесі бойынша жасалды. Егер, алғашқы екі жылда сәтті жұмыс жасаса, келісімді тағы екі жылға ұзартамыз. Юрий Красножан: – Қайырлы күн, футбол сүйер қауым. Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға шақырғандарыңыз, мен үшін – үлкен абырой. Сондай-ақ, бұл жауапкершілікті талап етеді. Біріншіден, маған сенім білдіргендеріңізге рахмет. Саян Жақыгелдіұлымен бұрыннан жақсы таңыспын. Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдердің футболын дамытуға арналған бағдарламасы жақсы әсер қалдырды. Бұл бағдарлама алдағы уақытта халықаралық аренада өз жемісін береді деп сенемін. Қазақстан – Еуразияның көшбасшы мемлекеттерінің бірі. Экономикалық жетістіктеріңіз сүйсіндіреді. Енді бізді алдағы уақытта қызықты жұмыс қана күтіп тұр. Ұлттық құраманың даму жоспарын бекіттік. Ол бірнеше бағытқа бөлінеді. Біріншіден футболшылардың психологиялық дайындықтарына аса мән беру қажет. Бұл өте маңызды. Қазіргі кезде, бұрынғы жеңілістерден қорытынды шығарып, алдағы уақытта лайықты жеңістерге қол жеткізуді көздейміз. Әрине, мұның бәрі бір күнде істелетін шаруа емес. Дегенмен уақыт өте көздеген мақсатымызға қол жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, спорттық медицина мен фармакология да өте маңызды шаруа. Одан кейін – ұйымдастыру. Бірінші орында тәртіп, реттілік, ұйымдастырушылық болуы керек. Футболшыдан нәтиже күту үшін жағдай жасауымыз қажет. БАҚ құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуды да көздейміз. Бұл – ұлттық құрама. Сондықтан, барлық ақпарат жарияланып тұруы тиіс. Красножан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстамай тұрып, БАҚ құралдары оны "Астана" командасымен бір жылдық келісімшарт жасайды деп хабар таратқан еді. Бірақ, Юрий Анатольевич бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол тек Қазақстан құрамасын жаттықтыратынын айтты. Сондай-ақ, футболшыларды таңдауда ешқандай ұлтына, жасына мән берілмейді. Кім өзін көрсете алады, сол ұлттық құрамада ойнайтын болады. Бұл Красножанның журналистердің қойған сұрағына берген жауабы. Юрий Красножанның өмірбаяны: 1963 жылы 7 маусымда Нальчик қаласында дүниеге келген. 1980 жылдардың басында жергілікті "Спартак" (Нальчик) командасында өнер көрсетті. Кейіннен "Автозапчасть" клубына ауысады. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, өзі өнер көрсеткен "Автозапчасть" клубына жаттықтырушы ретінде қалды. Арада екі жыл өткенде, туған жері Нальчиктің "Спартагының бапкерлер құрамына еңеді. 1999-2004 жылдар аралығында қатардағы жаттықтырушылардың бірі болса, 2004 жыл бас бапкер болып тағайындалады. Софербия Ешуговтың орнын басады. Красножанның баптауымен "Спартак" 2005 жылы Ресейдің бірінші лигасында екінші орын алып, премьер-лигаға шығады. Нальчикте ол 2010 жылға дейін жұмыс жасады. Ал 2010 мәскеулік "Локомотивтің" президенті Ольга Смородская Юрий Семинді отставкаға жіберіп, орнына Красножанды шақырады. Бірақ, Юрий Анатольевич "теміржолшыларды" ұзақ жаттықтырмады. Ресей біріншілігінің кезекті турында "Локомотив" пен Махачакаланың "Анжиі" кездеседі. Ольга Смородскаяның айтуынша, осы ойында футболшыларды кездесуге дайындау, негізгі құрам мен қосалқы құрамды таңдау, ойыншыларды алмастыруда Красножан үлкен қателік жіберген. Осыдан соң, қызметінен босатылады. "Локомотивтен" кеткен соң, Ресейдің екінші құрамына бас бапкер болып тағайындалады. Алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен. Осы жетістігінен кейін сол кезде талай жұлдызды жинап, атағы дүркіреп тұрған Махачқаланың "Анжи" командасының бас бапкері болды. Бірақ, аталған команданы Красножан бар-жоғы 45 күн ғана жатықтырып, бірде-бір рет командасын алаңға бастап шыға алмай кетті. Оның орнына голландиялық маман Гус Хиддинк келеді. "Анжиден" соң, Краснодардың "Кубань" клубына келеді. Бұл жерде де ұзақ тұрақтай алмады. Бес айға жетпес уақытта қызметінен қуылады. Ең соңғы рет "Теректің" тізгінін ұстады. 2013 жылдың мамырынан бастап, қазан айына дейін Грозныйда жұмыс жасады. Шешенстанның президенті Қадыровтың өзі бақылап отыратын "Теректе" Красножанның жұмысына көңілдері толмады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети