ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2019 | 10:52
Криштиану Роналду бесінші рет үздік футболшы марапатына ие болды
Туриндік "Ювентус" клубының әрі Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "2018 жылдың үздік футболшысы" номинациясында Globe Soccer Awards сыйын иеленді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) құрған сыйды табыстау рәсімі Дубайда өтті.
2018 жылдың үздік бапкері Франция құрамасымен әлем чемпионатын ұтқан Дидье Дешам болды. Ал мадридтік "Атлетико" үздік клуб атанды.
Роналдудың да ісін жүргізетін португалиялық Жорже Мендеш үздік агент болып танылды, ал үздік спорт директоры атағына "Ювентустегі" италиялық Фабио Паратичи лайық болды.
Congratulations @Cristiano for winning the @Globe_Soccer 433 Fans' Award for the Best Goal of 2018, voted by you, the 433 community! ????
⠀#GlobeSoccer @dubaiholding @Audi pic.twitter.com/jWLZaBT9Yd
Показать комментарии
Читайте также