Криштиану Роналду бесінші рет үздік футболшы марапатына ие болды

04 Қаңтар, 10:52
0
© instagram.com/cristiano
© instagram.com/cristiano

Туриндік "Ювентус" клубының әрі Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "2018 жылдың үздік футболшысы" номинациясында Globe Soccer Awards сыйын иеленді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) құрған сыйды табыстау рәсімі Дубайда өтті.

2018 жылдың үздік бапкері Франция құрамасымен әлем чемпионатын ұтқан Дидье Дешам болды. Ал мадридтік "Атлетико" үздік клуб атанды.

Роналдудың да ісін жүргізетін португалиялық Жорже Мендеш үздік агент болып танылды, ал үздік спорт директоры атағына "Ювентустегі" италиялық Фабио Паратичи лайық болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай