Криштиану Роналду бірге селфи жасағысы келген жанкүйерін итеріп жіберді

28 Шілде 2016, 16:57
0
Криштиану Роналду бірге селфи жасағысы келген жанкүйерін итеріп жіберді - © Getty Images
© Getty Images

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың басы дауға қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Беверли-Хиллз қаласында болған. Роналду көшеде серуендеп келе жатып, бір топ адамның назарына түскен. Содан футболшының жанкүйерлерінің бірі оққағарды айналып өтіп, Роналдумен селфи жасамақшы болған екен. Алайда оның бұл қылығы футболшыға ұнамай, ол оны итеріп жіберген.

Айта кетейік, осыған дейін де Роналду Еуропа чемпионатында журналистермен қақтығысып қалған болатын. Футболшы сұрақ қойғысы келген тілшінің микрофонын суға лақтырып жіберген еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай