"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасынан кейін имиджін өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Жаңа имиджбен түскен суреттерін футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Сіздерге ұнай ма??????", - деп жазған Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, Роналду ұлымен және қызы Джорджина Родригеспен түскен суреттерін жариялады.
"Реалдың" тағы бір ойыншысы Карлос Каземиро да Чемпиондар лигасынан кейін имиджін өзгерткен.
Еске сала кетейік, 3 маусымда мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған еді. Финалда испан клубы италиялық "Ювентус" командасын жеңді. Кардифф қаласындағы "Миллениум" стадионында өткен матч 4:1 есебімен аяқталған болатын.