Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуның кезекті сұлумен кездесіп жүргені айтылып жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуның кезекті сұлумен кездесіп жүргені айтылып жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
БАҚ мәліметтері бойынша, футболшының жаңа сүйіктісі бұрын кіші Флойд Мейвезердің көңілдесі болған Лиза Эрнандес есімді сұлу. Роналду мен "Гаваи аруы 2011" атағын иеленген ару Майамидегі кездесуде көзге түсіп қалған. Сонымен бірге, футболшы оны жақын уақыттағы матчқа шақырған. Бұған дейін Лиза Эрнандес "Сантьяго Бернабеу" алаңында болып, "Эйбармен" өткен матчта Криштиануға қолдау білдірген болатын.
Мұның алдында Крштиану "Испания аруы-2015" атағына ие болған Дезире Кордеромен кездесіп жүргені хабарланған болатын. Испан қызы Роналдуға жақын болу үшін Мадридке көшіп келгендігі айтылған. Баспасөз бетінде Ирина Шейктен кейін Дезире Роналду кездескен алғашқы қыз болғаны да хабарланған еді.