Криштиану Роналду өзіне жаңа клуб тапты

30 Мамыр 2018, 10:46
0
© REUTERS/Javier Barbancho
© REUTERS/Javier Barbancho

Мадридтік "Реалдың" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спорттық мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Sapo Desporto басылымының мәліметінше, сұрмерген француздың "Пари Сен-Жерменге" өтпекші. Дереккөз мәліметінше, футболшының агенті Жорже Мендеш француз командасының сапына ауысу үшін келіссөздер жүргізу үшін Парижге келген.

Таяуда Роналду Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульді" жеңгеннен кейін "Реалдан" кетемін дегендей қылды. "Болашақ жайлы кейінірек айтатын боламыз. Маған "Реал" үшін ойнаға қатты ұнады, жауапты таяу күндері айтатын боламын", - деді португалиялық. Клубтағы әріптестері оның сөзіне көңілі толмады. 

AS басылымының мәліметінше, Роналду клубтың жаңа ұсынған келісімшартына көңілі толмағаннан кейін кетпекші екен. Сондай-ақ, ПСЖ шабуылшысы Неймарды "Реалға" өтуі мүмкін деген хабар қуантпаған секілді. Роналду "Алтын допты" алып жатқанда мадридтік клубтың президенті Флорентино Перестің бразилиялық футболшынының ойынына мақтау айтқаны ұнамай қалған. 

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысып келген. "Корольдік клубтың" сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай