Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың бес жасар баласы көпшілік алдында әкесіне ортаң терегін көрсетті, - деп хабарлайды The Independent.
Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың бес жасар баласы көпшілік алдында әкесіне ортаң терегін көрсетті, - деп хабарлайды The Independent.
Бала әкесіне әдепсіз қылығын футболшының "Алтын бутсы" марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп жатқан кезінде көрсетті. Сол уақытта баланың қасында отырған туыстарының бірі оны тыйып тастамақшы болады. Алайда бұл оқиға телекамера объективіне түсіп қалыпты.
30 жастағы португал мансап жолында төртінші мәрте "Алтын бутсы" алып, сыйлық тарихында рекорд жаңартты. Өткен маусымда Роналду Испания чемпионатында 48 гол соқты.
Қазіргі уақытта футболшының басы бос. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдары Роналдудың 19 жастағы модель Мая Ирвингпен кездесіп жүргені жайлы ақпарат таратқан еді. Олардың әлеуметтік желілерде танысқаны хабарланды.