Криштиану Роналду: Месси - нашар футболшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Криштиану Роналду: Месси - нашар футболшы © Чемпионат.com

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиді нашар футболшы деп атады. Бұл туралы Lenta.ru порталы Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиді нашар футболшы деп атады. Бұл туралы Lenta.ru порталы Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испания біріншілігінің 20-турында "Депортивоға" қарсы ойынның алдында футболшылары алаңға алып шығатын балалардың бірі Роналдуге - "Мен үшін сен әлемдегі ең мықтысың, ал Месси...", - деген. Осы кезде португалиялық шабуылшы "Ал Месси - нашар футболшы", - деп сөйлемді бітірген.

Ал "Реал" мен "Депортиво" арасындағы кездесу 7:1 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды. Бұл ойында Роналду екі гол соғып, қабағын жарып алды.

Айта кетейік, 2008 жылдан бері әлемнің үздік футболшысына берілетін "Алтын допты" Роналду мен Месси кезек-кезек алып келді. Қазір бұл екі футболшының еншісінде бес "Алтын доптан" бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети