Виктор Кумыков. Сурет: Vesti.kz©
Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері Виктор Кумыков жұмыс орнын ауыстырмайды. Бұл туралы бапкердің өзі Vesti.kz тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Мен бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Бірақ, мен ешқандай командамен келіссөздер жүргізген жоқпын. "Шахтермен" маусым соңына дейін жасалған келісім-шартым бар. Сол келісімнің соңына дейін жұмыс істеймін. Команданың басшыларымен менде ешқандай қиындықтар жоқ", - дейді бапкер. Павлодарда өткен "Ертіске" қарсы премьер-лиганың бірінші ойынына неге қатыспадыңыз деген сауалға, бапкер ұшаққа кешігіп қалдым деп жауап берді. "Біз Джидичті Қазақстан азаматы ретінде "Шахтер" командасының тізіміне енгізу үшін ұзақ уақыт күттік. Команда мінген ұшаққа да сол үшін үлгере алмай қалдық. Кейін көлікпен барамыз деп ойладық. Бірақ, бұл күні жол жүру үшін ауа райы қолайсыз болды. Бізді жолға жібермеді. Сондықтан да мен команданың қасында болмадым. Бар болғаны осы. Ешқандай шу көтерудің қажеті жоқ. Қазір командамен бірге алдағы ойынға дайындалып жатырмыз", - дейді Виктор Кумыков. Ал, басқа командалармен келісім-шарт жүргізу мәселесінде бапкер бірауыздан "жоқ" деп жауап берді. "Басқа командамен келісім жүргізетін ой да болған жоқ. Қайдағы "Астана"? Мұның бәрі жәй ғана алып-қашпа әңгіме", - дейді ол. Айта кетейік, "Шахтер" командасының бас бапкері Виктор Кумыков пен клубтың спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев премьер-лиганың бірінші тур ойыны аясында "Ертіспен" өткізген кездесуге қатыспаған болатын. Дәл сол ойыннан кейін қазақстандық БАҚ өкілдері бапкер мен спорттық директор жуық арада "Астана" футбол командасына ауысады деген ақпарат таратқан еді.
Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері Виктор Кумыков жұмыс орнын ауыстырмайды. Бұл туралы бапкердің өзі Vesti.kz тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мен бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Бірақ, мен ешқандай командамен келіссөздер жүргізген жоқпын. "Шахтермен" маусым соңына дейін жасалған келісім-шартым бар. Сол келісімнің соңына дейін жұмыс істеймін. Команданың басшыларымен менде ешқандай қиындықтар жоқ", - дейді бапкер.
Павлодарда өткен "Ертіске" қарсы премьер-лиганың бірінші ойынына неге қатыспадыңыз деген сауалға, бапкер ұшаққа кешігіп қалдым деп жауап берді. "Біз Джидичті Қазақстан азаматы ретінде "Шахтер" командасының тізіміне енгізу үшін ұзақ уақыт күттік. Команда мінген ұшаққа да сол үшін үлгере алмай қалдық. Кейін көлікпен барамыз деп ойладық. Бірақ, бұл күні жол жүру үшін ауа райы қолайсыз болды. Бізді жолға жібермеді. Сондықтан да мен команданың қасында болмадым. Бар болғаны осы. Ешқандай шу көтерудің қажеті жоқ. Қазір командамен бірге алдағы ойынға дайындалып жатырмыз", - дейді Виктор Кумыков.
Ал, басқа командалармен келісім-шарт жүргізу мәселесінде бапкер бірауыздан "жоқ" деп жауап берді. "Басқа командамен келісім жүргізетін ой да болған жоқ. Қайдағы "Астана"? Мұның бәрі жәй ғана алып-қашпа әңгіме", - дейді ол.
Айта кетейік, "Шахтер" командасының бас бапкері Виктор Кумыков пен клубтың спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев премьер-лиганың бірінші тур ойыны аясында "Ертіспен" өткізген кездесуге қатыспаған болатын. Дәл сол ойыннан кейін қазақстандық БАҚ өкілдері бапкер мен спорттық директор жуық арада "Астана" футбол командасына ауысады деген ақпарат таратқан еді.