15 наурыз 2014 23:33

Кумыков жоқ, "Қайрат" жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан алынды Фото pfl.kz сайтынан алынды

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы үздік командаларымыз ХХІІІ ел чемпионатын бастады. Бірінші тур тосын нәтижелерге толы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірден айтайық, ең бірінші жанкүйер біткенді елең еткізетін нәтиже Алматыда тіркелді. Жайық жағасынан келген "Атырау" Алатау бөктерінде "Қайратты" қапы қалдырды. 1:0 есебімен ұтып қана қойған жоқ, сауатты ойын өрнегін көрсетіп, мамандарды тәнті қылды. Өткен маусымда жағдайы болмай, 8-орынмен шектелген "Атырау" еліміздің қола жүлдегерін өз жанкүйерлері алдында тізе бүктірді. "Қайраттың" басшылары маусым басталмай жатып, "биыл тек алтын үшін таласамыз" деп еді. Бүгінгідей ойындарымен алтын туралы ойлауларына тым ерте сияқты. Ал "Астана" өз алаңында "Жетісу" клубының қақпасына гол соға алмай, пұшайман болды. "Жетісу" былтыр қаржыдан қиындық көріп, ойыны үйлеспеген болатын. Ал "Астана" биыл Еурододада еліміздің намысын қорғайды. Әрі елордалықтар та биыл чемпион болуды көксейтін ұжым. Сондай-ақ "Шахтердің" Павлодарда "Ертістен" ұтылып қалуы да күтпеген нәтиже болды десек, асыра сілтегендігіміз емес. Кеншілер клубының былтыр күзде азуын айға білеген "Селтиктің" өзін сүріндіріп, сеңдей соғыстырғаны әлі есімізде. Ал биыл бас бапкері ауысқан "Ертістен" ұтылып отыр. Бас бапкер демекші, бұл ойында "Шахтердің" бас бапкері Виктор Кумыков көзге түспеген. Былтыр "Шахтерді" шыңға жетелеген маман қайда? Не болды? Әзірше жауабын ешкім де білмейді. Шыны керек, "Қайсардың" өз алаңында "Ордабасы" клубынан басым түсуі де қайран қаларлық нәтиже болмағанымен, таңдай қағарлық кездесу болды. Қалған екі ойынды "көпшілік күтпеген нәтижемен аяқталды" деп айта алмаймыз. "Ақтөбе" біразымыз болжағандай, түзде "Таразды" тақырға отырғызып кетті. Ал "Тобыл" өз алаңында премьер-лиганың дебютанты "Спартакты" сан соқтырды. Сонымен биылғы чемпионат тым қызықты басталды... Премьер-лига. І тур. 15 наурыз "Тобыл" – "Спартак" – 2:1 Голдар: М.Азовский, 68 (0:1). Богданов, 78 (1:1). Красич, 80 (2:1). "Ертіс" – "Шахтёр" – 1:0 Гол: Аверченко, 32. "Тараз" – "Ақтөбе" – 0:2 Голдар: Хайруллин, 41-пенальтиден (0:1), Банджар 43-автогол. "Қайсар" – "Ордабасы" – 1:0 Гол: Савич 23-пенальтиден. "Астана" – "Жетісу" – 0:0 50-минутта Сисеро ("А") пенальти соға алмады (қақпашы Пасеченко тойтарды) "Қайрат" – "Атырау" – 0:1 Гол: Савио Нсереко, 31.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети