"Астананың" Бас бапкері Станимир Стойлов мансабын қытайлық "Бэйцзин Гоань" клубында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz болгариялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
"Астананың" Бас бапкері Станимир Стойлов мансабын қытайлық "Бэйцзин Гоань" клубында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz болгариялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Хабарламада қытайлық клуб өкілдерінің Стойловқа ресми түрде ұсыныс жасағаны айтылған. "Бэйцзин Гоань" болгариялық маманмен жылына 5 миллион доллар төленетін келісімшарт жасасуға дайын. Айта кетейік, "Астана" Бас бапкерінің келісімшартында көрсетілген мерзім осы жылдың соңында аяқталады. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.
48 жастағы Станимир Стойлов 2014 жылдың жаз мезгілінен бастап "Астана" клубын басқарып келеді. Оның басшылық етуімен бұл команда Қазақстан чемпионы атанды, Суперкубокте жеңді және Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне өтті. Болгариялық БАҚ-тың мәліметінше, келісімшарт бойынша Стойлов миллион доллар алады. Бірақ отандық ақпарат құралдарында ол жылына 400 000 доллар табыс табады деген мәлімет бар.