Қытайлық клуб карантин ережесін бұзған футболшыны командадан қуды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық клуб карантин ережесін бұзған футболшыны командадан қуды Фото Depositphotos

Қытайлық "Гуанчжоу Эвергранд" жартылай қорғаушысы Юй Ханьчао коронавирус пандемиясы кезінде карантин ережесін бұзғаны үшін клубтан қуылды, - деп хабарлайды SportsFinding.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық "Гуанчжоу Эвергранд" жартылай қорғаушысы Юй Ханьчао коронавирус пандемиясы кезінде карантин ережесін бұзғаны үшін клубтан қуылды, - деп хабарлайды SportsFinding.

33 жастағы ойыншыны Mercedes-Benz көлігінің нөмірін жасырғаны үшін қытайлық полиция ұстаған. Ханьчао карантин режимінде айыппұл төлемеу үшін көлігінің нөміріндегі E әрпін F деп өзгертіп алған. Осы үшін клуб футболшыны командадан қуды. 

Ханьчао "Гуанчжоу Эвергранд" сапында алты маусым ойнаған. Бес рет ел чемпионы атанып, Азия Чемпиондар лигасында топ жарған. Жартылай қорғаушы Қытай құрамасы сапында 59 матчқа қатысқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети