Қыздар Университетінің түлегі Қазақстан құрамасының сапына алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі © Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің биылғы түлегі Әлия Сәдуақасова футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан құрама командасының сапына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің биылғы түлегі Әлия Сәдуақасова футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан құрама командасының сапына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлия Сәдуақасова "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын бітіріп отыр.

Әлия Сәдуақасова 1994 жылдың 10тамызында Көкшетау қаласында дүниеге келген. Осы спорт түрімен 10 жасынан бері айналысады. Бойжеткен бұған дейін "Көкше", "Оқжетпес" және "Барыс" сынды белді спорт командаларының құрамында өнер көрсетіп, шеберлігін шыңдады. Нәтиже де жоқ емес. 2017 жылы Ұлттық Студенттік лига ойындарында "Ең үздік шабуылшы", сол жылы футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында "Ең үздік ойыншы" және 2018 жылы футзалдан VII Қысқы Универсиада ойындарында "Ең үздік шабуылшы" аталымдарымен марапатталған. Әлия Финляндия, Аустрия, Бразилия және Түркия мемлекеттерінде өткен байрақты бәсекелерде үздік ойын өрнегін көрсете білді.

Осы ретте Әлия осы спорт түрін түрін таңдауға ненің себеп болғанын әңгімелеп берді.

"Жас кезімнен футболға деген әуестігім зор еді. Аулада өз қатарластарыммен команда-команда болып ойнайтынбыз. Аталған спортқа деген сүйіспеншілігім Көкшетаудағы әйелдер футбол клубына алып келді", - дейді Әлия.

Спорттық мансабы жайлы сұраққа спортшы футзалмен 2014 жылдан бері айналысып жатқанын айтты.

"Мен негізі футзалдан бұрын, футболмен шұғылданып, аталған спорт түрі бойынша сан мәрте жасыл алаңға шықтым. Ал, футзалмен Қыздар Университетіне оқуға түсіп, студент атанған кезден,яғни 2014 жылдан бастап тұрақты айналыса бастадым. Биылғы жылдың басында футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан құрама командасына іріктеу жүргізілгенде бағым жанып, команда сапына өттім. Менен өзге құрамда С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті, Қазақтың спорт және туризм академиясы және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері бар", - дейді ол.

Сондай-ақ, спортшы қыз алдағы жоспарларына тоқталды.

"Биылғы жылдың 19-26 тамыз аралығында Алматы қаласында студенттер арасында футзалдан әлем біріншілігі өтеді. Жаһандық айтулы спорт додасы ТМД елдері ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өз байрағын көтермек. Қазақстан Республикасының студенттік спорт федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы мұрындық болған бәсекеге әлемнің жиырмадан астам мемлекетінің студенттік құрамалары қатысады деп күтілуде. Осы айтулы жарыста Қазақстан құрамысының сапында өнер көрсетемін. Жеңіске деген жігеріміз зор. Бұл тұрғыда маған сенім артып, жаттықтырып жүрген бапкерлерім Ибрагим Бисариевке, Николай Бочарниковқа және Анатолий Одинцовқа үлкен алғысымды білдіремін. Осындай нәтижеге жетуіме негізгі себепкер болған сол кісілер. Ал келешекте бапкерлікке кетсем деген жоспарым бар", - деді Әлия Сәдуақасова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro