14 ақпан 2014 09:18

Қызылорда ел кубогын көздеп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет e-kyzylorda.gov.kz сайтынан Сурет e-kyzylorda.gov.kz сайтынан

"Қайсар" футбол клубының жуырда өткен оқу-жаттығу жиындарына байланысты Қызылорда облыстық футбол федерациясы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер мен футболсүйер қауымның бірқатар сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгінде "Қайсар" футбол клубы 21 футболшымен келісімшартқа отырды. Олардың төртеуі – легионер. Алтауы – қызылордалық. Жалпы, дәл қазіргі таңда "Қайсарда" мына ойыншылар бар. Қақпашылар: А.Алайдаров, К.Прядкин; Қорғаушылар: М.Кляйн, М.Яблан, Д.Дәуітов, О.Алтаев, С.Көшеков, С.Сағындықов, Н.Құнов; Жартылай қорғаушылар: К.Шестаков, С.Шевцов, М.Марушко, А.Землянухин, Р.Розыбақиев, Н.Калинин, Д.Нәрзілдаев, М.Узденов: Шабуылшылар: Ж.Молдақараев, Е.Алтынбеков, С.Струков, Р.Хунт. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев, "Қайсар" футбол клубы директорының міндетін уақытша атқарушы Руслан Балтиев және команданың бас бапкері Дмитрий Огай қатысқан баспасөз мәслихатындабүгінгі таңда клубпен келісімшартқа отырған футболшылардың есімдері анықталып, жаңа маусымға қойған мақсаттары жарияланды. – Өздеріңіз білесіздер, "Қайсар" футбол клубын қазір жаңа маман – Дмитрий Огай жаттықтырады. Өз ісінің хас шебері. Сондай-ақ, клубтың директоры міндетін уақытша Руслан Балтиев атқарады. Оның да футболшы ретіндегі жетістіктері жетерлік. Жалпы, "Қайсар" биыл алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Үздік алтылыққа еніп, ел кубогын жеңіп алуды жоспарлап отырмыз. Әлбетте, оңай болмайды. Бірақ қолымыздан келетініне сенімім мол. Біз "Қайсарды" әрдайым жан жақты қолдайтын боламыз, - деді облыс әкімінің орынбасары, әрі ҚОФФ Президенті Нұржан Нұрмағамбетұлы. Бұдан кейін сөз кезегін "Қайсар" футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай алып, команданың соңғы оқу-жаттығу жиынына тоқталды. – Біріншіден, маған сеніп, "Қайсардың" бас бапкерлік қызметін ұсынған облыс басшылығына алғысым шексіз. Әлбетте, команданы барынша жеңістерге жетелеуге тырысамыз. Басшылықтың да, жанкүйерлердің де үміттерін ақтаймыз деп ойлаймын. Ал үшінші оқу-жаттығу жиынына келер болсақ, команда Түркияда барлығы төрт жолдастық-бақылау кездесуін өткізді. Бірінші ойынды Украинаның "Металлург" (Запорожье) клубынан жеңіліп қалдық. Одан кейін екі кездесуді ірі есеппен жеңдік. Санкт-Петербургтың "Динамосын" 4:1 есебімен тізе бүктірсек, Африканың "Этто Эли Магомбо" командасынығң қақпасына жауапсыз үш гол соқтық. Рас, соңғы кездесуде "ЗЕТА" клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалғанбыз. Бірақ бұл Черногория біріншілігінің үздік ұжымдарының бірі екенін де ескерген жөн. Жалпы, дәл қазіргі таңда команда құрамы 70 пайызға жасақталды. Әзірге барлығы 21 ойыншымен келісімшарт жасадық. Енді тек екі-үш шеп қана қалды. – Дмитрий Алексеевич, қалай ойлайсыз, осы құраммен басшылық қойып отырған тапсырманы орындай аласыз ба? – Қайталаймын, әр ойында тек жеңіс үшін алаңға шығамыз. Дегенмен, құрамды әлі де күшейтуіміз керек. Алда бізді төртінші оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Ол жақта біз тағы біраз жаңа ойыншылардың әлеуеттерін тексеріп көреміз. – Ал жергілікті ойыншылар неліктен аз? Неге оларға мүмкіндік бермейсіз? – Бәріне де мүмкіндік берілді. Бірінші жиынға мен өткен жылы командада болған жергілікті ойыншылардың барлығын шақырдым. Арасынан шеберліктері басым деген алты ойыншыны қалдырдым. Түсініңіздер, Бірінші лига мен Премьер-лиганың айырмашылығы – жер мен көктей. Бұл жерде мүлдем бөлек футбол. Егер жеңістерге жеткіміз келсе, білікті ойыншыларға иек артуымыз керек. Әрине, жергілікті жастардан мүлдем бас тартпаймыз. Оларды басқа клубтарға жіберіп, шеберліктерін шыңдаймыз. Тәжірибе жинақтаулары үшін осылай жасау керек. Кейін қайтарып аламыз. – "Қайсар" футбол клубының бұрынғы директоры Болат Есмағамбетов сізді "Қайсар" футбол клубына келгенде басшылықтан алдын-ала 19 млн. тенге алды деп жатыр. Мұны қаншалықты растайсыз? – Біріншіден, клубтың өз ішінде болатын, сыртқа таралмауға тиіс құпия мәселелер болады. Мен сізден барып, "айлығың қанша?" деп сұрамаймын ғой. Сондықтан, осы мәселеге біржола нүкте қояйық. Келесі жолы мұндай сұраққа мүлдем жауап бермеймін. Мына нәрсені айтайын. Бұған дейін талай жерде қызмет атқардым. Бірақ еш жерден бір тиын да артық ақша алған емеспін. "Қайсарда" да лас мәселелермен айналыспаймын. Мен мұнда команданы жеңістерге жетелеу үшін келдім. Және де сіздерді түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. – Ал команданың капитаны кім болады? Оны қашан тағайындайсыздар? – Бұл мәселені біз маусым алдында командамен ақылдаса отырып шешеміз. – Нұржан Нұрмағамбетұлы, команданы жеңістерге жетелеу үшін Огайға қанша уақыт бересіз немесе қанша сәтсіздіктен кейін бас бапкерді қызметінен босатасыз? – Құрметті, футболсүйер қауым, адам әлі өз қызметіне жөнді кіріскен де жоқ, сіздер оның "отставкаға" жіберіп үлгеріп жатырсыздар ма? Бұл дұрыс емес қой. Дмитрий Алексеевичті бұрыннан білемін. Ол – Қазақстан футболындағы өте беделді мамандардың бірі. Талай командаларға керемет жеңістер сыйлаған. "Қайсар" футбол клубын көтеру үшін оны облыс әкімінің өзі шақырды. Қазақта "жақсы сөз – жарым ырыс" деген мақал бар ғой. Одан да Огайға сәттілік тілеп, жақсы нәрсе айтайық та. Айта кетейік, "Қайсар" футбол клубы өзінің кезекті оқу-жаттығу жиынын 16 ақпан мен 5 наурыз аралығында Түркияда өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети