"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы атанды

"Ливерпуль" футболшылары Чемпиондар лигасының финалында лондондық "Тоттенхэмді" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ливерпуль" футболшылары Чемпиондар лигасының финалында лондондық "Тоттенхэмді" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ванда Метрополитано" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ойын барысында ЧЛ финалдарының тарихындағы ең жылдам пенальти тіркелді. Кездесудің екінші минутында "Ливерпуль" есепте алға шықты. Мусса Сиссокконың қолына тиген допты бас төреші Дамир Скомина аңғарып үлгерді. Пенальтиден Мұхаммед Салах мүлт кеткен жоқ. Ол Уго Льористі қапы қалдырып, командасын алға шығарды.

 

Ойын басындағы бір голдан кейін шабуылдар бірсыдырғы жалғасты. Қауіпті сәттер болғанмен, көп гол соғылмады. Кездесу аяқтала бастағанда "Тоттенхэм" тәуекелге бел буды. Шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Бірақ 87 минутта Дивок Ориги өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, "Ливерпульдің" екінші голын соқты. Бұл командаға айқын жеңіс сыйлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети