08 мамыр 2019 09:16

"Ливерпуль" камбэк жасап, Чемпиондар лигасының финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters© Фото: Reuters©

Англиялық "Ливерпуль" Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында "Барселонаны" ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Англиялық "Ливерпуль" Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында "Барселонаны" ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Энфилдте" өткен ойында алаң иелері сапында көшбасшылар ойнаған жоқ - мысырлық Мохамед Салах пен бразилиялық Роберто Фирмино жарақат алған болатын. 

"Барселонада" өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал"Ливерпуль" өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. 

7-минутта Дивон Ориги есеп ашқан. Үзілістен кейін "Барселона" қақпасында доп тағы үш рет тулады. 54 және 56-минуттарда Джорджиньо Вейналдум қанжығасын майлап, екі матч нәтижесі бойынша есепті теңестірді. Ал 79-минутта Ориги өз мүмкіндігін жібермей, матчтың нүктесін қойды - 4:0. 

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" "Барселонаны" 4:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жыл финалға жолдама алды. 

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети